Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тілек Махуов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған. Оның екі жоғары білімі бар.
1999 жылы Атырау мұнай-газ институтын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылды "Болат-Жол" АҚ-да жұмысшы болып бастаған. Ал, мемлекеттік қызметке 2004 жылы келген.
2004-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, 2006-2008 жылдары Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Бұдан соң Индер ауданында, Атырау қаласындағы "Қалакөркемдеу" КМК-да жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары "ТМ Проект Строй" ЖШС бас инженері болған.
2011-2012 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласында "Аутсорсинг-Кадры", "BI-Development" ЖШС-да прораб, жетекші маман, 2014-2017 жылдары Атырау облысындағы Жылыой аудандық құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымын атқарған.
Ал, 2017-2022 жылдары "БатысҚұрылысИнвест" ЖШС-нің атқарушы директоры, 2023 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.