Атырау қаласы мен Махамбет ауданы жеріндегі стихиялық қалдықтар тазартылды

1616

Олар ғарыштық түсірілімдер арқылы анықталған 

Атырау қаласы мен Махамбет ауданы жеріндегі стихиялық қалдықтар тазартылды

Атырау облысында экология департаменті Атырау қаласы мен Махамбет ауданының әкімдіктерімен бірлесіп, ғарыштан түсірілген стихиялық қалдықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізді. Осылайша, қала мен оған жақын ауданға қарасты аумақтан 484 қалдық орны жойылды, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Тазартылған жер шамамен 50 шақырымды құрайды. Дегенмен, облыстық экология департаментінің бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін еңбектенгенін айта кету керек. Қашықтан зондтау арқылы түсірілген ғарыштық түсірілімдер бұған дейін тиесілі әкімдіктерге жолданғанмен, олар көрсетілген жерлерді толықтай тазартпаған. Сол себепті, мекеме Атырау қаласы және Махамбет ауданы әкімдіктерінің жауапты лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сөйтіп, Атырау облысы бойынша облыс әкімі бекіткен ғарыштық мониторинг нәтижелерімен анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша кесте жасақталды. "Қазіргі уақытта 484 қалдық орны толықтай жойылды" дейді департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Насилов

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу