Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, 2019 жылғы 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Оған қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдік келтірілді.
Соттың санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.