Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды

265

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды Фото: primeminister.kz

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмыс сапарымен жүр. Ол облыс әкімімен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысымен шекараға дейінгі аумақты тікұшақпен айналып өтті. Кейін ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Вице-премьер өңір басшылығына су тасқынына қарсы күрес бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Атырау облысында ТЖ режимін енгізу туралы тапсырма берілді.

"Мен ҚТЖ басшылығын шақырдым, өйткені кейбір жерлерде үлкен су көлемін өткізу үшін теміржолдарға демонтаж жасау қажет. Бүгінгі таңда Ириклин су қоймасынан су ағызу секундына 2,5 мың текше метрді құрайды, алдағы уақытта ол 4,5 мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан бізде су тасқынына дайындыққа 20 күн бар. ТЖ режимін халықты дүрбелеңге шақыру үшін емес, су тасқынына қарсы нақты іс-қимыл үшін жариялаймыз", - деді Қанат Бозымбаев.

Өңірде суды Атырауға қарай жіберіп алмай, Каспий теңізіне қарай апаратын өзендер мен көлдерге жіберу үшін бұру арналарын қазу қажет.

"Біз үшін ең басты міндет – Атырау жағалауын барлық жағынан нығайту", - деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу