Атырау қаласына 700 бейнекамера орнатылған

1038

Биыл соның арқасында 96 қылмыс ашылды.

Атырау қаласына 700 бейнекамера орнатылған

Атырау қалалық полициясына арызданған 1946 жылғы сағат 15.05 шамасында Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің алдынан белгісіз адамның мойнындағы алқасын тартып алып кеткені туралы хабарлаған еді. Жедел іздестіру шаралары барысында сол маңайда орналасқан  бейнекамералардың көмегімен  арызданушының айтқан белгілері бойынша күдікті азамат  анықталып,  ұсталып, одан айғақ зат тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің "тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Атырауда биылғы жыл басынан бейнекамераның көмегімен 7998 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында көшеде, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде  жүру,  шылым қалдығын, қоқыстарды қалдыру, жасыл желектерді бүлдіру,  сонымен қатар, карантин режиміне  қатысты шектеулерді орындамау сияқты заң бұзушылықтар жиі орын алады", - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

2019 жылдың жеті айында жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторлары 47-і қылмысты әшкерелесе, биыл бейнекамералардың көмегімен 96 қылмыс ашылған. Соның ішінде, жыл басынан бері жол ережесін бұзған 6415 факті анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Белгілі болғандай, Атырау қаласында жеті жүзге тарта бейнекамера жұмыс істейді.  Олар облыс орталығындағы көшелер мен адамдар жиналып, демалатын алаңдарда,  көше қиылыстарында және көп қабатты үйлердің  аулаларында орналастырылған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу