Атырау қалалық прокуратурасы түрлі топтағы мүгедектер мен көп балалы аналардың және ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың салық кодексімен белгіленген жер, көлік, мүлік салықтарын артық төлеп келгендігін анықтады, деп хабарлайды khabar.kz.
Аталған санаттағы 1402 азамат өз құқықтарын білмеу салдарынан 8 миллионға жуық артық салық төлеген. Осыған байланысты Салық кодексінің 602-бабына сәйкес аталған азаматтар өздерінің мәртебесін растайтын анықтамамен мемлекеттік кірістер басқармасына барып, арыз жазу арқылы артық төленген салық сомасын қайтара немесе алдағы төлемдерді төлеу есебіне аудара алады.
"Қазір қалалық прокуратура аталған санаттағы тұлғалардың артық төленген салық төлемдерін уәкілеттік органдармен бірлесіп, кері қайтару мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныс енгізді", - дейді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Әділет Нұрбаев.