Атырау қаласында 200-ге жуық көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ

566

Бүгінге дейін облыста 1 019 көппәтерлі үйдің 764-і жылуға қосылған.

Атырау қаласында 200-ге жуық көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ Фото: azh.kz

Атырау қаласында 15 қазанда жылу беру маусымы басталғанымен, 200-ге жуық көпқабатты тұрғын үйге жылу берілген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атырауда жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Бірақ жылу беру 10 қазанда басталды. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу үшін ПИК-тің жазбаша өтініші қажет. Алайда, қаладағы бірнеше ПИК ғана үйлерді жылу беру қажетті туралы хабарлады. Сенбі күні біздің қызметкерлер жылу беру крандарын ашуға дайын болды. Бірақ, кейбір ПИК бұған дайын емес екені белгілі болды. "Нұрсая"-3, "Нұрсая"-4 шағын аудандарындағы бірнеше үйді жылуға қосуға мүмкіндік туды. Онда ПИК өкілдері өз адамдарын бірлесіп жұмыс істеу үшін бөлді. Өйткені, олар үйдің барлық тұрғындары жылуды қабылдауға дайын ба, құбырларды, жылыту радиаторларын ауыстыру жұмыстары қайда жүргізіліп жатқанын біледі. Жексенбіде "Радио үйі" шағын ауданындағы тұрғын үйлерге жылу берілді", – деді "Атырау жылу желілері" АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиев.

Оның айтуынша, тұрғын үйлерді жылуға қосу бүгін де жалғасады. Түнде Атырауда температурасы +2 градусқа дейін төмендейді. Жергілікті билік органдарымен келісе отырып, жылуды қосу үш күн бойы температура +8 градус немесе одан төмен болған кезде жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу