Атырау қаласында 600 пәтер иесі баспанасын жасырын жалға беріп келген

858

Салықтық классификаторда жеке пәтер жалдаушы деген ұғым не термин енгізілмеген. Осыған байланысты пәтер жалдаушылар Салық кодексіндегі осындай олқылықты пайдаланып заңсыздыққа жол берген.

Атырау қаласында 600 пәтер иесі баспанасын жасырын жалға беріп келген

Атырау қаласында 600 пәтер иесі баспаналарын жасырын жалға беріп, салықтан жалтарып келген, деп хабарлайды 24.kz.

Жалданатын пәтер құны орналасуына қарай 20 мыңнан 300 мың теңгеге дейін барады. Яғни олардан түсетін миллиондаған қаржы көлеңкеде қалып қойған. Облыстық қоғамдық кеңес жүргізген 2 айлық сараптама барысында осындай заңсыздықтар анықталды.

Ал осы бизнеспен Атырау және Құлсары қалаларында 240 заңды тұлға мен 700 жеке кәсіпкер заңды түрде айналысады. Алайда баспананы "сауын сиырға" айналдырғандар қатары ресми деректен әлдеқайда көп. Осыған орай облыстық қоғамдық кеңес құзырлы органдармен бірлесіп  түйткілді проблеманың шешімін табу үшін заңға толықтыру енгізуді ұсынып отыр.

"Салықтық классификаторда жеке пәтер жалдаушы деген ұғым не термин енгізілмеген. Осыған байланысты пәтер жалдаушылар Салық кодексіндегі осындай олқылықты пайдаланып заңсыздыққа жол берген. Әрбір жалдаушы патенттік түрде немесе деклорация түрінде, жылдық деклорациялық ақша төлеу бағытында жұмыс істеуі керек", - дейді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы  Мұрат Өтешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу