"Атырау қаласынан Индер ауданы бағытына салынған күре жолдың бойында орналасқан "Көктем" шағынауданына қатынап жүрген Youtong маркалы қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші аталған шағынауданның №27 көшесіндегі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан. Апаттан 1988 жылғы жаяу жүргінші оқиға орында мерт болды. Ал, қоғамдық көліктің рулінде 37 жастағы жүргізушінің болғаны анықталды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарды жинап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу