Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылуда

197

Қазіргі кезде жағаның сумен шайылуын тоқтату жұмыстары жүргізіліп, жалпы есеппен 600 метр қашықтықта бөгегіш бондары қойылды.    

Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылуда Фото: ҚР ТЖМ

Атырау қаласында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі, соның салдарынан жағалау бойында топырақ үгітіліп, құлап жатқаны байқалуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жағаның сумен шайылуының алдын алу мақсатында мұнай-газ компанияларының техникалары мен жүзу құралдары жұмылдырылып, мұнай төгілген кезде жинауға пайдаланатын теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды.

Аталған жұмыстарға компанияларының және ТЖД 53 қызметкері жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу