Атырау қаласында газ таратқыш торап маңынан өрт шықты

713

Жылу құбырын айналдыра қапталған материал өртенген. 

Атырау қаласында газ таратқыш торап маңынан өрт шықты

Атырау қаласындағы теміржол жағалауындағы жылу құбырында өрт шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Құбырды айналдыра қапталған материал өртенген. Сонымен қатар сол маңдағы құрғақ шөптерді де өрт шалды. Өрт тұтанған аумаққа жақын жерде өндірістік аймақ орналасқан. Ең қауіптісі, қала ішіне газ таратқыш торап та осы маңда.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, қазір жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу