Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдық полигоны үшін 50 гектар жер учаскесі бөлінді

1188

Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдық полигоны үшін 50 гектар жер учаскесі бөлінді

Атырау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және оны қайта өңдеу кешені үшін 50 гектар жер учаскесі бөлінді. Жер телімі Махамбет ауданының Алмалы ауылдық округі аумағынан берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

Оның айтуынша, бүгінде қалалық құрылыс бөлімі арқылы полигон құрылысының жобалау сметалық құжаттары жасақталуда. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта өңірдегі 10 ірі елді-мекенде қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынатын болады. Қазір оның жобалық құжаттары түзілуде. Оң сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, құрылысын жүргізу мәселесі жергілікті әкімдікте қарастырылмақшы. 

Айта кетейік, осыған дейін қаладан шыққан тұрмыстық қалдықтар 1977 жылдан бері пайдаланып келе жатқан полигонда көміліп келеді. Бүгінде оның тозығы жеткен, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейді. Болжам бойынша, ескі полигондағы қалдықтар 2,2 млн тонна шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу