Атырау қаласында нан бағасы арзандауы мүмкін

880

Атырау қаласында нан бағасы арзандауы мүмкін

Атыраудағы "Дәулет-нан" индустриалды-инновациялық аймағы бүгінде қала халқын түгелдей дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Қазір мұнда жұмыс қарқынды жүріп тұр. Күніне 9 тонна ұн өңделіп, одан 200 түрлі өнім дайындалады, деп хабарлайды abctv.kz.

Ал қазір зауыттың қоймасы 560 тонна бидай дәніне толы. Енді Италия елінен әкелінген жаңа технологиялар арқылы жергілІкті жерде өңделген ұннан нан өнімдері дайынадалмақшы. Ол үшін итальядан келген мамандар жас технологтарды оқытып, жаңа техниканың тілін түсіндіруде.

Жуық арада барлық қуатымен іске қосылатын диірмен цехының күніне 150 тонна бидай ұнын өңдейтін қуаттылығы бар. Мамандар алдағы уақытта жаңа құрылғы іске қосылса қалада нан бағасы арзандауы мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу