Атырау қаласында стационарлық сутегі құю бекетін іске қосу жоспарлануда

614

Сутегінің бензинге қарағанда шығыны әлдеқайда аз. 100 шақырым үшін бар-жоғы 0,6 келі сутегі жұмсалады.

Атырау қаласында стационарлық сутегі құю бекетін іске қосу жоспарлануда

"ҚазМұнайГаз" ҰК, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (АМӨЗ) және "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС (Air Liquide бөлімшесі) көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеттері аясында Қазақстан Республикасында сутегі бастамаларын дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚМГ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат тараптардың сутегі қозғалтқышы бар автомобильдерге арналған сутегі құю бекетін (СҚБ) ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимылын, сондай-ақ СҚБ-ны АМӨЗ-дегі қолданыстағы "Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС қондырғыларының сапасына сәйкес келетін сутегімен қамтамасыз етуді көздейді.

Бұл технология Қазақстанда алғаш рет ұсынылып отыр. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін Атырау қаласында мобильді сутегі құю бекетін орнату, сондай-ақ АМӨЗ қызметкерлерін тасымалдайтын сутегі қозғалтқышы бар автобустар мен жеңіл көліктер сатып алу қарастырылған. Екінші кезең аясында 2022 жылдың соңына қарай "Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС-мен бірлесіп СҚБ-ны тиісті сападағы сутегімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін аяқтау және Атырау қаласында стационарлық сутегі құю бекетін іске қосу жоспарлануда.

Сутегі отыны – бензин мен дизельге экологиялық балама саналады, ол жанғанда бу шығады. Сонымен қатар сутегінің бензинге қарағанда шығыны әлдеқайда аз. 100 шақырым үшін бар-жоғы 0,6 келі сутегі жұмсалады.

Сутегі құю бекеті сутегіні сақтау, салқындату, сығымдау және тарату жүйелерінен тұрады. Жобаның серіктесі Францияның "Air Liquide" компаниясы. Компания соңғы 50 жылда сутегі жеткізудің барлық тізбегін, яғни оны өндіруден бастап сақтауға, соңғы тұтынушыларға арналған қосымшаларды әзірлеу және таратуға дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінгі таңда компания бүкіл әлем бойынша 120-дан астам сутегі құю бекетін жобалап, іске қосты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу