Атырауда жерді заңсыз иеленгендерге 4,2 млн теңге айыппұл салынды

187

АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Атырауда жерді заңсыз иеленгендерге 4,2 млн теңге айыппұл салынды Фото: canva.com

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 гектарды құрады.

Департамент бір жыл бұрын 60 гектар жер учаскесін иеленген "Ш" шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.

Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу