Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіретін екі балық өсіру зауыты реконструкцияланады, деп хабарлайды atr.kz.
"Жайық-Каспий және Атырау балық өсіру зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Барлық жабдықтар жаңартылып, бөген шаруашылығы кеңейтіледі, құбыр жүйесі алмастырылады. Жаңарту аяқталғаннан кейін екі зауыттың жалпықуаты жылына 30 миллион бекіре шабағын өсіруге жететін болады", - деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман және жануарлар әлемі комитетінің атқарушы төрағасы Марлен Айнабеков.
Қазіргі уақытта 90 жылдардың ортасында салынған екі зауыттың қуаты-жылына 7 миллион шабақты құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу