Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінде киім сататын бутиктер өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға туралы хабарлама түскен соң, ТЖМ бөлімшелері дереу оқиға орнына жетті. Олар келген кезде контейнер түріндегі бутиктер ашық жалынмен жанып жатқан және өрттің көрші сауда орындарына таралу қаупі болған.
"Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын басқа бутиктерге өтпей, өрт қысқа уақытта сөндірілді. Жалпы өрт 500 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 учаске бойынша жұмыс жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу