Атырау қаласының әкімі ауысты

1177

Жаңа басшы Президент әкімшілігі және қалалық мәслихатының келісімімен тағайындалған.

Атырау қаласының әкімі ауысты

Атырау қаласының әкімі қызметін Мейірім Қалауи атқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының жаңа әкімі Мейірім Қалауиді таныстырды.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов қаланың жаңа әкіміне алда ауқымды міндеттер мен шешімін таппаған мәселелер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

2006 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 

2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып еңбек еткен.

2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

2021 жылғы шілдеден бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Биыл қаңтар Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев өз еркімен қызметкенін кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу