Атырау қаласының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды

1358

Қала басшысы соңғы аптада болған оқиғалар кезінде көрінбей кеткен болатын, бұл тұрғындар тарапынан түсініспестік туғызған еді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Атырау қаласының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды

Қала халқы әкімнің "жарыққа шығуын сұрап" әлеуметтік желілерге сұрау салып та жазды. Ал шаһардың қордаланған проблемалары шешімін күткен күйде. Қатты желден бірнеше ықшамаудандар мен елді мекендерде жарық қайта-қайта өшіп қалып тұр, бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті, шаруашылық қызметтер қаланы қардан тартуға үлгермеуде. Қаңғыбас ит-мысықтардың қауіп төндіру мәселесі әлі шешілмеген күйі тұр, қала әкімдігі бұл жұмыспен ветеринария басқармасы айналысатынын айтып құтылды. Оның үстіне, жыл басында короновирус инфекциясының өршуі байқалып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қайта күшейтіліп, ірі мектептер мен оқу орындары онлайн режимге көше бастады.

"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30- желтоқсаннан бастап жыл сайынғы еңбек демалысын алған болатын. Бірақ, 10 қаңтар күні жұмысқа кері шақырылып алынды. Алайда келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің жазған өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде қала әкімі міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу