Талғайран елді мекеніндегі Спутник қалашығында толықтай магистральдық, алаңнан тыс және алаңішілік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
"Сонымен қатар, Талғайран елді мекеніндегі бесқатарлы 45 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысының жалпы құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Пәтер саны – 1080. Сондай-ақ тоғыз қатарлы 90 пәтерлі 7 үйдің құрылысы басталды. Жалпы пәтер саны 630. 39 көпқабатты тұрғын үй құрылысы келесі жылы салынады деп күтілуде. Көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын алаңішілік, су, кәріз, газ, электр және байланыс желілері құрылыстары жүріп жатыр", – деді спикер.
Ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын су көтергіш стансасымен қамтылған су және 16 шақырымдық кәріз айдау стансасымен қамтылған кәріз құрылыстары жүргізілуде.
"Спутник қалашығын абаттандыру құрылысымен алаңішілік жолдар, балалар ойындары, спорт алаңдар және жаяу жүргіншілер құрылысытары басталды. Қуаттылығы 110/10 кВ құрайтын ток беру стансасы құрылысы мен 14 шақырымды құрайтын байланыс желісі құрылысы қолға алынды", – деп қосты спикер.
"Атыраудағы Береке ауылында 53 көшеге, Зарослый елді мекенінде 31 көшеге электр және көше жарығы желілерін тарту, жаңарту жұмыстары басталды. Ал, Әбілхайыр хан даңғылының бір бөлігінде су, кәріз, газ, байланыс, абаттандыру және жылу желілері инженерлік желілер құрылысы жүргізілуде",- деді Н.Бөлеков.
Сондай-ақ биыл Қайнар елді мекені, Жұлдыз, Зарослый, Тасқала, Ақсай ықшам аудандарында инженерлік желілер салу жұмыстары басталды. Осы бағытта жобалық-сметалық құжаты дайын, сараптаманың оң қортындысы алынды.