Атырауда қаланың ішіндегі қоршаулардың бірінде піл жүр. Қала тұрғындары еркін даланың еркесін су іздеп тұрғанын айтып, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары видеоны әлеуметтік желіге жүетеді. Шөліркеген жануар топырақты үстіне шашып тұр. Видео авторының сөзінше пілдің көзінен жас та шығып тұр.
Бір қызығы, піл жүрген аумақта тал жапырағын жеп тұрған 6 түйе де бар.
"Атырауда су жоқ, байғұс піл үстіне топырақ шашып тұр. Көзінен жас ағып жылап тұр ғой", – дейді виедо авторы.
Әзірге пілдің қайдан келгенін анықтау мүмкін болмады. Бәлкім, цирктен шығып кеткен болуы мүмкін. Әлде піл асырайтындар бар ма?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу