Атырау қаласының құрамына 18 ауыл кіреді

900

 Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  

Атырау қаласының құрамына 18 ауыл кіреді

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен онлайн форматта қала, аудан әкімдері қатынасты. Жиында өңірдегі бекітілген бас жоспарлардың жүзеге асырылуы мәселесі қаралды.

"Атырау қаласының бас жоспарын іске асыру кезеңдері 2020-2030 жылдарды құрайды. Жобаға сәйкес, қаланың құрамына 18 ауыл, соның ішінде, қала маңындағы 16 елді мекен және Махамбет ауданының 2 ауылы енгізіліп, облыс орталығының қазіргі аумағы 16566 гектардан 45871гектарға дейін ұлғаяды, яғни қаланың аумағы қосымша 29305 гектарға өсуі болжанып отыр",- деді сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Г.Арыстанова.

Сондай-ақ, қаланы айнала, бірінші кезекте жүк көліктерін өткізу мақсатында Солтүстік және Оңтүстік жартылай айналма жолдан тұратын республикалық және жергілікті маңыздағы сыртқы көлік магистралімен қиылысатын айналмалы жүрдек автомагистралінің құрылысы жаспарланған. Оған қоса Жайық өзені арқылы көпір өткелі, 4 жол айырымы қарастырылған.

Айта кету керек, бүгінгі күні облыстағы 155 елді мекеннің 127-сі бас жоспармен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу