Оқиға демалыс орындарының бірінің жанында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар жер бедерінің қиын екенін және байланыс желісінің жоқтығын ескеріп, арнайы жоғары өтімді техника мен спутниктік байланысты қолданды.
Нәтижесінде, көліктерде болған 12 адам, оның ішінде 6 бала аман-есен құтқарылып, елді мекенге жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға, әсіресе түнгі уақытта, батпақты және дайындалмаған жолдармен жеңіл көлікпен жүрмеуді ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу