Атырау маңында өрт шығып, қалаға күйік иісі тарады

127

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, иіс "Сасықсай" маңындағы өрттен шыққан. 

Атырау маңында өрт шығып, қалаға күйік иісі тарады Фото: kazpravda.kz

Өңір басшысының тапсырмасымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әкімдіктің мәліметінше, мониторинг кезінде өрт "Сасықсай" булану алаңының ар жағында, Атырау қаласынан шамамен 20 шақырым жердегі теңіз маңында тұтанғаны анықталды.

Қазіргі уақытта жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы тартылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу