Атырау маңындағы ауылда пошта ғимараты өртеніп кетті

178

Өрттен ешкім зардап шекпеген. 

Атырау маңындағы ауылда пошта ғимараты өртеніп кетті Фото: ТЖМ

Атырау қаласының маңындағы ауылда пошта ғимараты өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 8 қазанда болған.

"Таңертеңгі сағат 09:12-де Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан "Қазпошта" АҚ-ның филиалынан шақырту түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртенгенін анықтады. Жалын сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толық сөндірілді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Өрттен ешкім зардап шекпеген. Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған. 

Төтеншеліктер өрттің неден тұтанғаны туралы мәлімет берген жоқ. Жалынның салдарынан ауылдағы пошта ғимараты жарамсыз болып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу