Атырау мектептерінде сиыр еті мәзірден алынып тасталды

192

Бұл шара қалалық "Асыл-агро" мал базарының аумағында сібір жарасы бактериялары табылғаннан кейін жасалуда. 

Атырау мектептерінде сиыр еті мәзірден алынып тасталды Фото: turkystan.kz

Атырауда Сібір жарасына байланысты мектептердегі мәзірден сиыр еті уақытша алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау қаласының білім бөлімі қазір бұл аурудың мектеп оқушыларына жұқпауының алдын алуда. 

"Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің перспективалық мәзіріне өзгерістер енгізу, яғни талаптарға сәйкес сиыр етін басқа өнімге ауыстыру туралы хат жолдадық", – делінген Білім бөлімінің басшысы.

Қаланың ет бөлімдерінде сиыр етіне сұраныстың төмендеуі байқалады. Қала тұрғындары қой мен жылқыны сатып алуға да күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ал сатушылар болса, ет балғындығы бұзылмай тұрып өткізу үшін бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу