Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
14 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы Атырау – Батуми бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты.
Рейстер аптасына бір рет – сейсенбі күндері Airbus A320 әуе кемесімен орындалады.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, туристік және іскерлік байланыстардың дамуына серпін береді деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу