"Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды. Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды",- деп жазылған хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін тынымсыз жұмыс жүргізілген. Осылайша фигуранттар бұлтара алмайтындай дәлелдемелерге қол жеткізілген.