Атырау мешіті алты балалы анаға үй әперді

968

Бұл – "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында тапсырылып отырған сегізінші үй.

Атырау мешіті алты балалы анаға үй әперді

Атырауда "Иманғали" орталық мешіті алты баласы бар жалғызбасты анаға баспана алып берді. 

Айна Китуева он алты жылдан бері алты баласымен үй жалдап, көшіп-қонып жүр екен. Баспанаға қолы жеткен ана мешіт мешітінің ұжымы мен еріктілер құттықтап барғанда,  қуанғаннан көз жасына ерік беріп, жылап та алды.

"Жуырда Рамазан айының соңғы күндерінде әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасын баспана бақытымен қуантқан едік. Енді бұл отбасына Атырау қаласына қарасты Дамбы елдімекенінен үй әперіп отырмыз. Мүфтият тарапынан іске қосылып отырған  "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында беріліп отырған бұл үй еріктілердің бастамашыл болуымен және қарапайым азаматтардың жүз теңгеден бастап жинаған шынайы ниетінің арқасында мүмкін болып отыр. Бұл игілікті бастама жалғасады", – деп сендіреді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құралай Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу