Атырау МӨЗ ароматика шығаруды тоқтатты

844

2021 жылдың наурызында Атырау мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) техникалық проблемаларға байланысты бензол мен параксилол шығаруды тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы argusmedia.com сайтына сілтеме жасап.

Атырау МӨЗ ароматика шығаруды тоқтатты

Бұл жағдай Ресей нарығында бензил тапшығылын күшейтеді. Себебі, Атырау МӨЗ өнімнің басым бөлігін осы елге жіберіп отырған.

Нарық қатысушыларының мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты
бензол мен параксилолды тек сәуір айында өндіруі мүмкін.

10 қаңтарда Атырау облысында электр энергиясын беру мәселе туындаған. Бұл МӨЗ-де техникалық проблемалардың пайда болуына ықпал еткен. Салдарынан 2021 жылдың ақпанында Ресейге бензол жеткізу 604 тоннаға дейін (қаңтарда – 1,9 мың тонна болған) азайған (Ресейлік теміржол экспедиторларының мәліметі бойынша).

Айта кетейік, Атырау МӨЗ шығаратын параксилолдың негізгі бөлігі теміржол арқылы Қара теңіздегі Кулеви портына жеткізіледі.

2021 жылдың ақпанында портқа қанша өнім жеткізілгені туралы дерек әлі жоқ. Ал қаңтарда Атырау МӨЗ теміржол арқылы Грузия портына 8,5 мың тонна параксилол жеткізген (Қазақстандық экспедиторлардың мәліметінше).

Кулевиден өнім Түркияға, Еуропа елдеріне, АҚШ, Мексика, Бразилияға, сондай-ақ Қытайға жеткізіледі (Кеме агенттерінің мәліметі бойынша).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу