Атырау МӨЗ бұрынғы бас директорына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

319

Күдіктілер барлық эпизод бойынша кінәсіз деп танылды.

Атырау МӨЗ бұрынғы бас директорына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қаласының №2 сотының Атырау мұнай өңдеу зауытының ("АМӨЗ" ЖШС) бұрынғы бас директоры Д. және сатып алу департаментінің директоры С.-ға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Үкім өзгеріссіз қалды.

Еске салайық, Д. және С.-ға ҚР Қылмыстық кодексінінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағымен айып тағылған.

"Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Д. және С. тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты барлық эпизод бойынша кінәсіз деп танылды. Сот сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өндіру құқығын таныды. Азаматтық талап қараусыз қалдырылды. Іс апелляциялық сатыда прокурордың соттың ақтау үкімінің күшін жойып, Д. және С.-ға қатысты айыптау үкімін шығаруды сұраған апелляциялық өтінішхаты бойынша қаралды. Апелляциялық сотпен сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмады. Сондықтан, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылды", - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу