Атырау МӨЗ былтыр 5 мың тоннадан астам бензол экспорттады

910

Атырау МӨЗ былтыр 5 мың тоннадан астам бензол экспорттады

Атырау мұнай өңдеу зауыты хош иісті көмірсутектер өндіру кешенінде 2016 жылы шығарылған алғашқы бензолдың 5430 тонна партиясын экспортқа жөнелтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Еске сала кетсек, хош иісті көмірсутектер өндіру кешені екі негізгі қондырғыдан құралған: 2015 жылы желтоқсанда бензол (CCR) өндіру қондырғысы, ал 2016 жылы қыркүйек айында параксилол (PX) өндіретін қондырғы орнатылды. Кешеннің қуаты жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилол өндіруге жетеді. Алайда кешеннің бір бөлігі – ССR қондырғысы отындық нұсқада жұмыс істеуде. Екінші бөлігі – ПАРАМАКСТЫҢ жұмысы тоқтап тұр.

"Кешеннің технологиясы өте икемді, отындық (жоғары октанды бензин өндірісі) және мұнай-химиялық (бензол мен параксилол өндірісі) бағытта да жұмыс істей алады. Республиканың ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін жоғары октанды бензин өндірісін ұлғайту мақсатында кешен 2016 жылы отындық режімде жұмыс істеді. Бұл 581,8 мың тонна жоғары октанды бензин өндіруге мүмкіндік берді. 2014 жылмен салыстырар болсақ, 442 мың тонна артық, яғни 3 есе көбірек өндірілген. Сәйкесінше, мұнай-химия бағытында жұмыс істегенде бензин өндірісі айтарлықтай азаяды. Отындық нұсқаның да аздаған бензол өндіруге қауқары жететінін атап өткен жөн. Алайда, параксилол өндіру мүмкіндігі болмай тұр. Осылайша, өткен жылы 7235 тонна бензол өндіріліп, 5430 тоннасы экспортталды", – деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу