"ҚР Энергетика Минситрлігі бекіткен өндірістік бағдарламаны орындауға байланысты, ҚР нарығында жанар-жағармай майдың тапшылығын болдырмау үшін Атырау МӨЗ жөндеу жүргізу басталғанға дейін қажетті резерв дайындайды. Технологиялық объектілерді жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", – деп жазылған хабарламада.
Жоспарлы жөндеу кезеңінде қондырғыларда мынадай жұмыстар жүргізіледі: катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру.
Зауыттың тұрақты жұмыс режиміне қарашаның бірінші онкүндігіне дейін біртіндеп көшеді.