Атырау мұнай өңдеу зауыты дизель отынының жаңа түрін шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.
Елімізде баламасы жоқ өнім "Khazar – 32" деп аталады. Қыс мезгіліне арналған дизель отынының атауы зауыт жұмысшыларының дауыс беруі арқылы шешілген. Сапасы жағынан К5 санатына жатады. Яғни күкіртті ең аз мөлшерде шығарады. Сондықтан қоршаған ортаға зияны жоқ.
Отандық өнім, зауытта жаңа кешеннің салынуы нәтижесінде алынған. Онда сондай-ақ, К4 және К5 классына сәйкес мотор отыны шығарылады. Бұл мұнай өңдеу көлемін 5,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу