Атырау МӨЗ-дің басқарма төрағалығына Шухрат Данбай сайланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Шухрат Данбай 2009 жылдан 2017 жылға дейін Павлодар МХЗ-нің бас директоры болды. Бұл орыннан зауытты заманауиландыруға қатысты жұмыстарды уақытында тапсырмағаны үшін босатылған.
Атырау МӨЗ-ге дейін "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып келді. Атырау МӨЗ-ді бүгінге дейін басқарған Ғалымжан Амантурлин зейнетке шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу