"Атырау МӨЗ" құрамында мұнайы бар, ауаны ластайтын заттарды шығарған

755

"Қоршаған ортаға зиян келтірген" Атырау мұнай өңдеу зауытына бес млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы экология департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Атырау МӨЗ" құрамында мұнайы бар, ауаны ластайтын заттарды шығарған

Департаменттің мәліметінше, "зауыт аумағында құрамында мұнайы бар заттардың ағындысы" табылды, "резервуар мен тоғандар буланғанда қаланың атмосфералық ауасына теріс әсер ететін ластаушы заттар бөлінеді".

Сонымен бірге пайдаланылған химиялық реагенттер және басқа да пайдаланылған зат пен бұйымдардың бөшкелері анықталған.

Қалдықтардың көлемі туралы деректер толық ұсынылмаған.

"Зауыт эмиссияға рұқсат етілген шарттарды толық орындамаған. Қондырғылар жоспардан тыс тоқтап қалғандықтан, мамыр, маусым айларында рұқсат етілмеген экологиялық эмиссияларды қоршаған ортаға шығарған", – дейді департамент басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

Атырау МӨЗ – Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауытының бірі. Кәсіпорынның 99% иесі – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы. Қайта өңдеудің жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайды, қайта өңдеу тереңдігі – 86,4%-ға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу