Атырау мұнай өңдеу зауыты 100 млн теңге айыппұл арқалады

657

Биошламы бар сарқынды суды өндірістік сулардың булану алаңына төккені анықталған. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты 100 млн теңге айыппұл арқалады Фото: Inform.kz

Қоршаған ортаны ластаған Атырау мұнай өңдеу зауытына бір жылда 100 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық экология департаменті былтыр 9 айда Атырау мұнай өңдеу зауытына 4 рет жоспардан тыс тексеру жүргізген. Онда  Бұл дерекке қатысты  31 млн 233 мың теңге айыппұл салынды. Ал, сәуір айындағы үшінші жоспардан тыс тексеру кезінде кәсіпорын тарапынан қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыруға қатысты 4 заң бұзушылық анықталып, салынған айыппұлдың көлемі 55 млн 949 теңге болды.

Жалпы өткен жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық  талаптарды бұзғаны үшін 100 млн 672 мың теңге әкімшілік айыппұл арқалады. Айта кетелік, бұған дейін  Атырау облысында қоршаған ортаны бүлдіргендерге 306 млн теңге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу