Атырау мұнай өңдеу зауыты К5 класындағы бензинді жөнелтуді бастады

337

Шілдеде Атырау мұнай өңдеу зауыты К5 экологиялық класты (Еуро-5 аналогы) АИ-92 бензинін шығаруды бастады, деп жазады inbusiness.kz зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты К5 класындағы бензинді жөнелтуді бастады Фото: www.kmg.kz

Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын Қазақстандағы мұнай өңдеуші зауыттардың ішінде мұны бірінші

"Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған саясаты аясында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС К5 экологиялық класты автокөлік бензинін өндіруге көшті. Бұл экологиялық отынның басты артықшылығы – құрамындағы күкіртті қосылыстардың көрсеткіші К4 класымен салыстырғанда 5 есе аз. Сондай-ақ, хош иісті көмірсутектердің (бензол) және өзге де қоспалардың мөлшері шектеулі", - делінген хабарламада.

К5 класындағы отынды пайдалану кезінде улы заттардың шығарындыларын азайту адам денсаулығына зиянды әсерді, соның ішінде тітіркену мен тыныс алу органдарының ауруларын, қабыну процестерін, жүйке және жүрек-тамыр жүйесіне кері әсерлерді азайтуға септігін тигізеді.

"K5 класты бензинді пайдалану көліктердің жұмысына оң әсер етеді. К5 стандартты бензин сапасына қол жеткізу кәсіпорынды үш кезеңді жаңғырту барысында жаңа технологиялық қондырғыларды іске қосудың нәтижесінде мүмкін болды. Атырау мұнай өңдеу зауытында АИ-92-К5 автобензинін өндірудің орташа тәуліктік көрсеткіші 5,5 мың тоннаны құрайды", - деп атап өтті зауыттың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу