Атырау мұнай өңдеу зауыты қашан іске қосылады?

401

АМӨЗ 6 шілдеде толық іске қосылады

Атырау мұнай өңдеу зауыты қашан іске қосылады? Фото: CaspianLife

"АМӨЗ" ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратовтың мәліметінше, қазір іске қосу-реттеу жүріп жатыр.

"Электр желісіндегі ақауға байланысты технологиялық регламентке және апатты жою жоспарына сәйкес мәжбүрлі шараны іске асыруға тура келді. Ауаға 8 мың текше метр технологиялық газ жағылды. Ауаға сұйытылған, табиғи газ, С1, С2, С3, бутан, бутадиен, пропан, полипропилен, сутегі шығарылды. Кәсіпорын жұмысы сыртқы фактордың әсерінен тоқтаған кезде шығынға батады. Мәселен, 2021 жылы зауыттың шығыны 69 млрд, былтыр 2 млрд теңгені құрады. Биылғы шығынның нақты көлемі кейін белгілі болады", -деп мәлім етті Мұрат Досмұратов.

Оның айтуынша, зауыттың мұнай өңдеу процесін толық іске қосу 6 шілдеге жоспарланып отыр. Ал, оған дейінгі үш тәулікте 45 мың тонна мұнай өңделмей қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу