Атырау мұнай өңдеу зауыты сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады

446

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады Фото: АМӨЗ

Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Зауыт тұрақты жұмыс істеп, өндірістік бағдарламаға сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз етіп отыр. 6–7 қарашада Атырау МӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттың 100%-ына жетті. Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, маусымаралық және қысқы дизель отыны өндіріліп, жөнелтілді.

Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тонна. Елдегі сұйытылған газдың 11%-ын өндіретін зауыттың қайта іске қосылуы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қосымша өндірілген отын көлемдері жоспарға сәйкес өңірлерге жөнелтіліп, ағымдағы қажеттілікті толық қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.

Мұнай өнімдері өндірісін арттыру және өңірлердегі қорларды толықтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлерді сұйытылған газ бен бензинмен қамтамасыз ету процесі Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу