Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды

824

Құжаттамадан өткізіліп, сертификат алған жаңа отын түрін азаматтық және әскери авиакомпаниялар пайдаланатын болады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды

Толықтай қайта жаңғыртудан өткен Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

"РТ" маркалы авиациялық отын өндіру жүйесі қазан айынан бастап өндіріске қойылды. Құжаттамадан өткізіліп, сертификат алған жаңа отын түрін азаматтық және әскери авиакомпаниялар пайдаланатын болады.

Бұл түсті мұнайды терең өңдеуді жетілдірудің арқасында мүмкін болып отыр. Жыл аяғына дейін зауыт 21 мың тонна авиаотын өндірмек. Ал 2019 жылдан бастап өнім көлемі он есеге ұлғайып, жылына 230 мың тоннаға жететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу