Атырау мұнай өңдеу зауыты жанармай, автогаз және дизель өндірісін қысқартты

Бұл шешім сұйытылған газдың жинақталуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты жанармай, автогаз және дизель өндірісін қысқартты Фото: inform.kz

"Атырау МӨЗ" ЖШС бірқатар облыстардағы газ желісі ұйымдарының сұйытылған көмірсутекті газды (ҚР Энергетика министрлігінің бөлу бойынша жүзеге асырылуы тиіс) уақтылы экспорттамауынан оны сақтауға арналған орын тапшылығы байқалады.

Осыған байланысты 2023 жылдың 10 қаңтарында Атырау мұнай өңдеу зауыты каталитикалық крекинг қондырғысын және оған қатысты технологиялық нысандарды тоқтатуға мәжбүр болды.

 "АМӨЗ" ЖШС бірқатар технологиялық қондырғыларының тоқтатылуына байланысты мұнай өнімдерін өндіру көлемі қысқарды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, бекітілген өндірістік бағдарламаны іске асыруды бұзбау үшін "АМӨЗ" ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктерінен қоймадағы мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі белгілеген тәртіпке сәйкес уақытылы экспорттау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды:

Ақтөбе облысы – 464 тонна;

Қызылорда облысы – 1 977 тонна;

Қостанай облысы – 3 683 тонна;

Батыс Қазақстан облысы – 3589 тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу