Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтайды

199

Нысанда реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтайды Фото: Атырау МӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

МӨЗ баспасөз қызметі мәліметінше, технологиялық қондырғыларды одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, жабдықтардың тұрақты жағдайын қолдау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін тұрақты негізде жұмыс істеу қажет.

АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау бойынша іс-шаралар жүргізілетіні хабарланды. Сондай-ақ, реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Технологиялық жабдықты тазарту (булау жұмыстары) атмосфераға зиян заттардың шығуын болдырмау үшін жабық жүйеде жүргізіледі.

Жұмыстарды аяқтау және кәсіпорынның тұрақты режимге көшуі 2024 жылғы қазанның аяғына дейін жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу