Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"1 қазаннан бастап 3 қарашаға дейінгі аралықта Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылады деп жоспарланып отыр. Зауыт жұмыс істемейтін болады. Сәйкесінше бензин және дизель отыны өндірілмейді", - деді ол Энергетика министрлігінде өткен баспасөз брифингінде.
Ведомство өкілінің айтуынша, оған қарамастан жөндеу кезеңінде Қазақстанда отын тапшылығы болмайды.
"Бүгінгі таңдағы отын қорына тоқталсақ, бізде бензин жеткілікті. Әуе отыны 2 айға жуық мерзімге жетеді. АИ-92 бензинінің қоры – бір айдан астам, дизель отыны – 36 күн, АИ-95 бензині – 24 күн", - деп нақтылады спикер.