Мұнайлы өңірдегі табиғат жанашырлары осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды "Atameken Business".
Олардың сөзінше, кеше зауыт нормативтен тыс зиянды қалдық шығарған. Нақтырақ айтсақ, биологиялық тазалау қондырғысынан шыққан ақауға байланысты мұнай аралас су қоршаған ортаға жайылды. Апатты жағдайға байланысты мекеме май аралас суды арнайы полигонға жіберуге мәжбүр болыпты. Қазір техникалық ақау қалпына келтіріліп жатқан көрінеді. Ал қоршаған ортаға келтірілген залал мен апатты жағдайдың себебін экологтардан құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу