Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма? – вице-министр жауабы

266

Бүгінде мұндай қауіп жоқ.  

Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма? – вице-министр жауабы Фото: den-der.kz/

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Журналист спикерден "Су тасқынының алдын алу жүйесі пайда болатыны белгілі болды. Осы уақытқа дейін бұл жұмыс неге қолға алынбады?" деп сұрады.

"Осы уақытқа дейін қолданған түрлі бағдарламалар мен платформалар бар. Қазір биылғы су тасқыны іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органның мәселесін қамтитын кешенді бағдарлама жасалатын болады. Оның ішінде ТЖМ де бар. Бағдарламаның іске қосылу мерзімі туралы әзірге айта алмаймыз", - вице-министр Бауыржан Сыздықов.

Тілшілер "Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма?" деп сұрады.

"Қазіргі таңда мұндай мәселе тұрған жоқ. Себебі су тасқыны кезеңі басталғанға дейін онда тиісті шаралар қабылданды", - деп жауап берді ТЖМ өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі күтіліп отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу