Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды

131

Мұндай шешімге мұнай өңдеу нарығындағы бағалар динамикасын және өндіріс көлемін талдау негіз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды Фото: atr.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты тексеруді бастады.

Ведомствоның хабарлауынша, талдау мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мен ұстап тұруда көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. 2021-2023 жылдар аралығында орташа баға 31%-ға өскен.

"Айта кететін жайт, монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын ықтимал бұзушылықтарды тергеу барысында анықталған", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу