Атырау мұнай өңдеу зауытында ақау шығып, бір басшысы жұмыстан кетті

552

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысында төтенше жағдай. Регенераторларда қызудың көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатты. 

Атырау мұнай өңдеу зауытында ақау шығып, бір басшысы жұмыстан кетті Фото: egemen.kz

Бұл  мұнайдан жоғары сапалы бензин алуға мүмкіндік беретін қондырғы. Осы жағдайдан соң Атырау облысына барған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай өңдеу зауыты бас директорының бірінші орынбасары Рақымжан Жанғабыловты қызметінен босатты. Ал Бас директорға қатаң сөгіс жариялады. Мырзағалиев жедел штаб құрып, өзінің орынбасарын жетекші етіп бекітуді тапсырды. Әзірге бұл ақаудың салдарынан зауыттың мұнай өңдеу көлемі қаншалықты қысқаратыны және оның елдегі жанармай нарығына қалай әсер ететіні белгісіз.

"Штабтың басты міндеті  қалыптасқан күрделі жағдайдың, сондай-ақ зауыт жұмысында жиі қайталанатын проблемалық мәселелерді жедел әрі сапалы шешімін қарау. Үшіншіден, ашық түсті мұнайды барынша көбірек өндіру мақсатында барлық 3 мұнай өңдеу зауытының жүктемесі оптимизациясын ойлану керек", деді "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу