15 желтоқсанында үшінші жаңғыру кезеңінің аяқталуы аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін іске қосу жұмыстары басталды. Шараға Атырау облысы әкімдігінің өкілдері және "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ басшылары мен мердігер мекемелер қатысты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іске қосылған соң зауыттағы мұнай өңдеу көлемі жылына 5-тен 5,5 миллион тоннаға дейін артады, ал автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1,7 миллион тоннаға дейін, дизель шығару 1,4 млн тоннаға дейін, авиакеросин болса 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни Евро-4 және Евро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып мұнай өңдеу тереңдігін 84%-ға дейін ұлғайтады", - деді ашылу рәсімінде сөз алған "АМӨЗ" ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин сөйледі.
Каталитикалық крекинг қондырғысында алдын-ала жұмыс барысында зауыт қызметкерлері және Axens компаниясының лицензиялық фирмасының өкілдерімен бірлесіп, центрифугалық компрессорды сынап, цистерналарда тепе-теңдік катализаторын жүктеді және зауыттың әртүрлі бөліктерінде басқа жұмыстарды жүктеді.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың маусым айында қуаты 20 МВт-тан астам каталитикалық крекинг қондырғысының пилоттық электр станциясы (осьтік компрессор) сынақтан өтті. Бұл агрегат өзінің өлшемімен және Қазақстандағы энергиялық белсенділіктің бірегейлігімен ерекшеленеді.