Атырау мұнай өңдеу зауытының айналасында "бұлт" пайда болды

350

Желіде зауыттың үстіне таралған қалың түтінге ұқсас будың суреті таралып жатыр. 

Атырау мұнай өңдеу зауытының айналасында "бұлт" пайда болды Фото: telegram/@guwonline

Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі осы мәселеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, суретте түтін емес, су буы түсірілген. Бұл каталитикалық крекинг қондырғысында түтін газдарын ластаушы заттардан тазартуды қамтамасыз ететін Belco секциясының скрубберінен шығып жатқан су буы делінген.

"Бұлт" тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу